25.05.2022
150
Наз
(Шолақтың назы)
Нұрмағамбет Баймырзаұлы менің атым,
Бар елге мағлұм болған асыл затым.
Нағашым жалпақ Қанай деп айтады,
Болады Ұлы-ай жүздік арғы затым.
Қайырмасы:
И-ай, й-а-ай,
И-а, ой, а-а-а-а, ой, а-а-а-ай.
Шығады ақыл жастан, асыл – тастан,
Сарқады арнасынан өзен тасқан.
Əйгілі менің атым Балуан Шолақ,
Дұшпанның ерегіскен көңілін басқан.
Қайырмасы.