25.05.2022
172
Сарын
(Балуан Шолақтың сарыны)
Атандым Балуан Шолақ бала күннен, а-ау,
Ту ұстап, ерлік етіп, тұлпар мінген, а-ау.
Ешкімге опасы жоқ жалған дүние,
Өтті ғой талай-талай кемеңгерден.
Бұл дүние шын емес, жалған дүние,
Адамды əрбір жолға салған дүние.
Ойласаң, ау, түбің заһар сондай ащы, сондай ащы,
Лəззəтті болсаң-дағы балдан дүние, ау,
о-у, о-у, о-ой!
Жалғанның алданбадық, несін біліп,
Жастықта тəуба етпедім есім біліп.
Дүниеге жаяу келіп, жаяу кеттім,
Үстіме жеңсіз көйлек тесіп іліп.
Өлімнен құтылу жоқ батыр болып,
Сөзге шешен, əнге жүйрік ақын болып.
Баратын алыс сапар қайтып келмес,
Қалыңдар, елі-жұртым, бақыл болып.