25.05.2022
156
![](/uploads/shorttexts/author_image/1522758885-img-9122.jpg)
Ғалия
(5-түрі)
Айым да сен, Ғалия-ау, күнім де сен,
Оң қабағым тартады, күлімдесең.
Менің көңілім, Ғалия, дауаласын, а,
Ауған түйе секілді бейімдесең, бейімдесең.
Қайырмасы:
Ойпырмай-ай, жан сəулем, Ғалия-ау, бетіңнен,
Аппақ қардай етіңнен,
Бір күн ауру, бір күн сау,
Жазылмадың, а, е-ей, дертіңнен.
Нұр сипатты, Ғалия-ау, жамалыңыз,
Ешбір жанға тимесін залалыңыз.
Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан,
Əлдеқалай болады заманымыз.
Қайырмасы.
Айдың көзін жалт етіп бұлыт алсын,
Бүйте берсең, жүйкемді құрытарсың.
Қаршыға төс, қаз мойын Ғалияжан,
Қай қылығын қалқаның ұмытарсың.
Қайырмасы.