25.05.2022
  226


Автор: Балуан Шолақ

Айым да сен…

Айым да сен, Ғалия, күнім де сен,
Оң қабағым тартады, күлімдесең.
Келмеді деп, Ғалия, өкпелеме,
Амал қанша, бір минут кідірмес ем!


Айым да сен, Ғалия, күнім де сен,
Оң қабағым тартады, күлімдесең.
Менің көңілім, Ғалия, дауалансын,
Ауған түйе секілді бейімдесең.
Ғалияның қолында бұйда пышақ,
Ғалияны көрдім де, жайдым құшақ.
Жатыр ма екен Ғалия, отыр ма екен,
Айдын көлге шомылған аққуға ұсап?
Қараөткелде, Ғалия, сен емес пе ең,
Бұл Арқаның шортаны мен емес пе ем?
Құралай көз, сүмбіл шаш Ғалияжан,
Ынтығымды құрытқан сен емес пе ең?





Пікір жазу