Айналайын...
Айналайын, Ғалия, сен бір тоты,
Осы күнде келмей тұр көңіл хоты.
Ғашық болып қосылған Ғалияжан,
Көрсетпейді қорған боп өгіз соты.
Айналайын, Ғалия, сен бір тоты,
Сені айтпасам, келмейді көңіл хоты.
Сен есіме түскенде, Ғалияжан,
Бит шаққандай болмайды өгіз соты.
Мынау дүние, қай дүние, күлкі дүние,
Таудан қашқан сылаңдап түлкі дүние.
Сексен сұлу сылаңдап жүрсе-дағы,
Ғалияның алмаймын кірпігіне.
Хат жазайын, Ғалия, саған арнап,
Сипатыңа екінші құрмет айлап,
Анда-санда көзіме бір көрінсең,
Қарға аунаған түлкідей қалам жайнап.
Көк ала үйрек ұшады кел дегенде,
Менің діңкем құриды сен дегенде.
Ғашық болып қосылған Ғалияжан,
Сусын болар лебізің шөлдегенде.
Күнім де сен, Ғалия, айым да сен,
Көзді тартар батсайы, шайым да сен,
Ғашық болып айқасқан құшағыңды
Балтаменен шаппаса, айырма сен.