25.05.2022
  165


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Түркістаннан түлеп шыққан тастүлек

Сайлау Жылқайдаровқа
Геолог бола алмайды кім көрінген,
Айлар бойы жоламас үйге мүлдем.
Болашаққа бал ашар сұңғыладай.
Жандар ғой бұл ісіне шын берілген.
Жарық шашып жапанға қара түнек,
Мұнаралар басында жанатын от.
Сол жерде талай жылың өтті-ау сенің,
Үйіңді ойлап ұшарға қанатың жоқ...
Қоштасарда қия алмай толқып халық,
Сол өлкеге тұрар ма ең қайтып барып?
Қайран жастық мұз шайнап, жалын бүріккен,
Маңғыстауда қалды ізің айшықталып.
Жұмысқа кірісесің кіл сайланып,
Жүре алмадың бақ қуып, шырқ айналып.
Ленинде сыйлық та, орден де жоқ,
Сен де сондай бір ерсің Жылқайдаров!
Қолтаңбаң бар елімнің картасында,
Құдай берген дарынның арқасында.
Ұлы Қаныш бастаған сен келесің,
Геологтар көшінің ортасында.
Түркістанда туған ұл арымады,
Тағдыр сені сан атты, дарымады.
Əлі күнге құлатпай келе жатқан,
Сол ұлы əулиелердің демі-дағы.
Е, Сəке, құр бекерге қамығасың,
Мамансың Жер-Анаға жаны жақын.
Мұнай жайлы сөз болса, қай кезде де,
Аталмай қалмасы анық сенің атың...





Пікір жазу