25.05.2022
  142


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Қарашалар қайтқан күн

Қыс хабарын сезді ме, көлдерге де тоқтамай,
Қайтып жатты қиқулап қарашалар түнімен.
Тыңдағанмен құлақ сап, ұқпаймыз ғой əттең-ай,
Не айтты екен осынау түсініксіз тілімен?
Қайту керек қалай да, жазу солай не істесін?
Аман болшы жыл құсым, риза бол аз-барға
Əндетеді хорменен, естілсін деп хош-хошым,
Төсектегі науқасқа, қорадағы каздарға.
Неге ояттың енді мен жарытпаспын көз іліп,
Парақтайын жылдарды кезден бастап шыр еткен.
Білмейсің ғой жыл құсым, жаттым бəрін сезініп,
Сағыныштан өртеніп, сарғыш тартқан жүрекпен.
Толқып-толқып қоясың, көздің сығып сорасын,
Жаралғасын қанатсыз ойға бату – бар ермек
Міне, тағы өлкеден қотарылып барасың,
Дүниенің баянсыз екендігін дəлелдеп.





Пікір жазу