25.05.2022
128
Көктем, сенен тілерім
Ұстатпаған бұлқынып, шоршып көптен,
Сол қытықты əкелді ертіп көктем.
Жан тамырдан ақырын жыр тамады,
Емшектей бір тырсиып, дертіп кеткен.
Көз алдында құлпырар байтақ сонда,
Шіркін көңіл мұндайда жай тапқан ба?
Насыбайды бір жылдай тастап кетіп,
Елтитінсің осылай қайта атқанда.
Кеткің келер алысқа кіндік үзіп,
Бір нəрсені іздейсің шын бұзылып...
Қайран тірлік, қойныңа тартасың-ау,
Инеліктің көзіндей мың құбылып.
Боқ жимадым жасымнан жандай ғұсыл,
Күл-қоқырдан ақ арман самғай құтыл.
Күнгейіңнің қыз көктем, көрсет бəрін,
Қалған жаман дүниеде қанбай құшыр.
Қарлығаш мұрт жігіттей май түбітті,
Сен келгенде аққұсым қайтып ұшты.
Тастатпашы жел беріп тоқсанда да,
Дарқан жүріс, салқам күй, сайқылықты