25.05.2022
166
Кешір бізді, бабалар
Боздай-боздай жат жерде, атандардай тізделген,
Асылдарым қаншама үйде туып, түзде өлген.
Бұрынғылар батырын бал толтырып күбіге,
Айлап жүріп əкелді-ау Қожа-Ахмет түбіне.
Қатар түсіп тірлікте бір жеңіліс, бір жеңіс,
Бағыланды Сырымдай алып қалды Үргеніш.
Мəскеудегі ер Ғани, Ташкенттегі Төле би,
Айдалада қап қойған сияқты бір бөлек үй.
Құрманғазы дегенде елжіремес қай жүрек,
Қоңыр күйге құшағын дала түгіл жайды көк.
Əлі күнге сабазым, Қажы-Тархан мекенін,
Жатырсың ба əйгілеп қазақ жері екенін?
Маңдайына жыр жазып, таңдандырып сын көзді.
Бастарыңа көтерсе бір-бір мазар күмбезді.
Бірақ ондай ұл қайда, аман болсын өз басың,
Он ғасырлық зиратқа жетесіздер жазды атын.
Басы қайда шекпеннің, ал біз болсақ етегі,
“Кедей күні осылай кіжінумен өтеді....”