25.05.2022
125
Кетті мұнтаз балалық гари-гакка...
Кетті мұнтаз балалық гари-гакка,
Тыпыршисың толғасын балиғатқа.
Меңдегенде денеңді сайқали-күй,
Сен де бір күн енерсің шариғатқа.
Келген кезде жалынға орандық мың,
Қара шапан жамылып жалаңбұт түн.
Асыл менен масылды айыра алмай,
Ұйығына баттым-ау харамдықтың.
Кейінгілер тілдеме, тиеді оғаш,
Біздің жолға соқтықпа, қиялап ас.
Ақзон киіп сапарға шығып едім,
Быт-шыт қылды қаптаған күйелі ағаш.
Тағдыр бізді осылай жаратты, жə,
Мына ғажап қоғамға қорашпын, ə?
Болса-дағы күнəм көп, Яссауидей,
Түсе алмадым, қайтейін, жер астына...