25.05.2022
  133


Автор: Жұмабай ҚҰЛИЕВ

Зырлар уақыт желмаямен ай табан...

Зырлар уақыт желмаямен ай табан,
Өз ырқыңды өзіңе де билетпей.
Бір құласаң ұша алмайсың қайтадан,
Майға қонып, үйелеген үйректей.
Қадір түннің көре алмадым ақ нұрын,
Жетер жерге жете алмадым сор қайнай.
Шыр-шыр етер менің байғұс тағдырым,
Тентек бала қолындағы торғайдай.
Сөйтіп жүріп жастық өтер, не қалар?
Кеткенің бе айтылмастан күмбір əн.
Көз алдымда бəрі, бəрі жоғалар,
Сияқты боп жерге сіңген құмжылан.
Каршадайдан жыр жолына түсіп ем,
Талай түнде нала жасым тамаған-ды.
Ертең елім көп тұяқтың ішінен,
Тани алмай қала ма деп таңбамды...





Пікір жазу