25.05.2022
290
Қос құлыным
Қанатым менің,
Шаршасам алатын демім.
Сендерсіз қалай,
Мен бақытты болатын едім.
Әлиім менің,
Мәдиім менің,
Құлындарым,
Сендермен қайта гүлдедім.
Екі шырағым,
Майыспайтын екі шынарым.
Самғаңдар биік,
Қанаттасып екі қыраным!
Қорғаным менің,
Арманым менің,
Сендермен күліп жүрермін!
Қайырмасы:
Жақсыдан қалған ізсіңдер,
Жетелегенмін.
Арманын жалғап өстіңдер,
Әкелеріңнің.
Қымбатсыңдар ғой мен үшін,
Сүйкімділерім.
Сендермен дархан өрісім,
Бұл күнде менің.
Шуағым менің,
Жүрегіме жалынын берген,
Бұлағым менің,
Өміріме шырынын берген.
Мен үшін ертең,
Сендермен көркем,
Қырындарым
самғаңдар биік алысқа.