25.05.2022
  199


Автор: Ибрагим Иса

Елге сәлем

Дариға-ай, өзіңмен өткен,
Өмірім көктем, шуақтай.
Шіркін-ай, асыл ағайындарың,
Жаны таза бұлақтай.
Қайырмасы:
Бал, қымызың, қаймағың
Қасиетті қайнарың.
Аман ба жасыл жайлауың?!
Ерке қызың мен едім,
Құстай ұшып келемін,
Армысың ауыл аймағым!
Дариға-ай, есімде менің,
Бесігім едің тербеткен.
Шіркін-ай, жұпар даланың
Гүліндей боп бойжеткен.
Қайырмасы:
Дариға-ай, жарысып ескен,
Даламдай ерке желіңмен.
Шіркін-ай, өтер ме едім,
Әлдилеп әсем әніммен!
Қайырмасы





Пікір жазу