24.05.2022
207
Біз әлі кездесерміз
Бейнесі сол күндердің ала бөтен,
Шіркін-ай дейтін кез де болады екен.
Заулаған уақыттың әйнегінен,
Аулыма қимастықпен қарап өтем!
Қайырмасы:
Өзгеріп барамыз-ай,
Балауса баяғыдай
Емеспіз, өзгешеміз.
Көңілдер алып-ұшып,
Өмірде сағынысып
а-а-а-а-ай, біз әлі кездесеміз.
Десек те оралмайды өткеніміз,
Көңілде күлімдейді көктеміміз.
Сан түрлі сағыныштың үзілмейтін
Мәңгілік сыңғырлаған шектеріміз.
Қайырмасы:
Кетсе де қанша жаз бен қанша күз кеп,
Оралмас он сегізің қайта гүлдеп.
Әйтеуір тауып алып жүрсек болды,
Біріміз-бірімізді аңсап іздеп.