24.05.2022
314
Ән-аға немесе Шәмшімен сырласу
Жетті ғой осы күнге,
Ән болып есімің де,
Тербеттің ғашықтарды,
Махаббат бесігінде,
Аққулар арасында,
Әнің жүр, барасың ба?
Бір сұлу мұңаяды,
Арыстың жағасында.
Қайырмасы:
Ән-Аға,
Жан-Аға.
Сені аңсап шарқ ұрып шағала,
Каспидің толқыны соғады
жағаға, жағаға.
Ән-Аға,
Жан-Аға.
Еліңе мәңгі ұнатқан,
Нәр бердің ән бұлақтан,
Жетеді Іңкәр әнің,
Теріскей Тамды жақтан.
Ән болып ұшарыңда,
Аққуға ұқсадың ба?
Гүл болып үлбіредің,
Бақыттың құшағында.
Қайырмасы:
Шалқыған жалын жастар,
Тойларды әнің бастар.
Толқиды әуеніңмен,
Ақ маңдай қарындастар.
Тұнса да лала гүлге,
Өксиді дала бірге,
Ескегін қайығыңның,
Қалдырдың, Аға, кімге?!
Қайырмасы: