24.05.2022
122
Ән аруы
Сахнаның көркі едің-ау,
Еліктейін, ерке едің-ау.
Әлі талай жайылатын,
Жайылмайды өркенің-ай,
өркенің-ай
Жарқылдаған күлкіңменен,
Лапылдаған көркіңменен.
Есте, қалдың, әнің кетті-ау,
Көмейіңде бүлкілдеген,
бүлкілдеген.
Қайырмасы:
Аққу әнмен достастың да,
Қанат жайдың асқар шыңға.
Қиялдарда қалдың мәңгі,
Күрең күзбен қоштастың да.
Даусыңды сағынғасын,
Аңсайды елің Мәдинасын.
Енді мәңгі қазағымның,
Жүрегінде, жадындасың.
Қиындықпен сұрап алған,
Тар болды ма мына жалған?!
Неге сонша ерте үзілді,
Кеудеңдегі бұлақ арман!
Қайырмасы: