24.05.2022
115
Сенің бейнең
Шырақ боп жанатын,
Шуақ боп таматын,
Жүректе қалатын
Сенің бейнең!
Қуанып күлгенде,
Ән тұнып кеудемде,
Аялап тұрар
Сенің бейнең!
Өкініш ойлардан,
Жағымсыз жайлардан,
Сақтайтын Сенің бейнең!
Дәл сендей болмайды,
Басқалар алдайды,
Сендей боп көрінгенмен.
Қайырмасы:
Қалайша шыдаймын,
Көрмесем аңсаймын.
Сағынып қараймын,
Бейнеңе.
Жүректе жүреді
Жалғыз Сенің бейнең!
Бақытты шағымсың,
Бағымсың!
Тербейді сағыныш,
Жанымды бір алыс
Арманға жетелер
Сенің бейнең!
Сырымды достарға,
Сағынып қосқанда,
Шаттыққа бөлер
Сенің бейнең!
Өзіңсің гүл бағым,
Маххабат сырларын
Сақтайтын Сенің бейнең!
Көңілдің аспанын,
Ашпайды басқаның
Шуағы төгілгенмен!
Қайырмасы: