24.05.2022
  113


Автор: Ибрагим Иса

Қарлығашым, қалықта

Сағынғанда шырқалар ән боларсың,
Қызығына дүниенің таң қаларсың.
Өмір деген арайлы көк Аспанда
Қалықташы аяулы, қарлығашым!
Мен шарықтап ұшсын деп асқарларға,
Қызығумен қарайсың ұшқандарға.
Қанаттыға қалықтау керек екен
Қалықтайтын көгілдір Аспан барда.
Талпынады адамзат жарық үшін,
Жарқын күндер өтпейтін сағынышың.
Өрнектейміз өмірді қуанышпен,
Жүректерде ән болып қалу үшін.
Қайырмасы:
Баба рухы қорғап, қолдасын,
Қанаттар талмасын!
Арман –құс қалықта!





Пікір жазу