meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  24.05.2022
  167


Автор: Ибрагим Иса

Алматым деп ән салам

Алматымдай ғажап қала бар ма,
Қандай нұрлы, тамаша.
Айналғандай бейне ән-арманға,
Көз тоймайды қараса.
Толқып аққан асау өзендерің,
Суың балдай, тамсанам.
Сұлу қалам жалғыз өзің менің,
Алматым деп ән салам.
Қайырмасы:
Қуаныштың қаласы,
Ән-отаудың бейнесі.
Алатаудың айнасы –
Осы!
Атыңды айтып әр кез мақтанамын,
Сүйіп сені танығам.
Қимай сені жалғыз аттанамын,
Қайда барсам сағынам.
Алатаудың әсем етегінде,
Арман қала аңсаған.
Сағыныштың еріп жетегінде,
Ораламын мен саған.
Қайырмасы:





Пікір жазу