24.05.2022
  175


Автор: Ибрагим Иса

Туған елім

Баулары құлпырған байтақ өлкем,
Таулары ақ мамық, қандай көркем.
Елімнің, жерімнің әсемдігін,
Ұрпақтар ән қылып айтады ертең.
Ертеңге қуаныш ала барам,
Теңізге сәлем айт шағаладан,
Тіршілік құлшынып жарысады,
Ертіс, Сыр, Жайықты жағалаған.
Қайырмасы:
Бабадан қалған,
Өшпейді арман,
Орындап өтеміз өсиетті.
Арайлы елім,
Шұрайлы жерім,
Туған ел қашанда қасиетті
Шалқыған шаттық бар барасың ба,
Каспий мен Балқаштың жағасында.
Қаншама бақытты өмір жатыр,
Алтай мен Атырау ортасында.
Көкшенің көгілдір көркі қандай,
Сұлу саз самал боп шалқығандай,
Құштарлық көңілмен сүй еліңді,
Махаббатыңды бек сарқып алмай.
Қайырмасы:





Пікір жазу