24.05.2022
238
Сырдария жағалауы
Есімде бәрі,
Кетпейді әлі,
Көз алдымдасың сен бүгін.
Мәуелі Сырдың жағасындағы,
Жарасып жүрген сол күнім.
Қайырмасы:
Ақ балықтай боп ағыспен ойнап,
Ақ борықтай боп жүруші ең жайнап,
Аңсаймын сені әлі де!
Куә ғой соның бәріне,
Сырдария жағалауы.
Аңсаған жанға,
Жеткізбес жол да,
Қалды ғой үміт жалғанбай.
Азайып қалды,
Сол сұлу Сыр да,
Азайған біздің армандай.
Қайырмасы:
Амалсыз шаршап,
Толқынын аңсап,
Жатыр ғой Сырдың арнасы.
Ойласаң кейде,
Сияқты бейне,
Өмірде бәрі алдамшы.
Қайырмасы: