24.05.2022
  302


Автор: Ибрагим Иса

Біз адаймыз, адаймыз

Арманы ғой талайдың,
Арғымағы Адайдың.
Ер қанаты ат деген,
Жоғалған жоқ сол айбын.
Өзен, Ақтау мұнайы,
Сарқылмасын ылайым.
Абыройын бұл елдің,
Асқақтатқан Құдайым!
Бекет Ата піріміз,
Ардақтаймыз мұны біз.
Айбындымыз Каспиймен,
Айдындымыз, іріміз.
Қазыналы желкені,
Кім білмес бұл өлкені.
Бізді қорғап, қолдайды,
Әулиелер мекені.
Ынтымағы тұрақты,
Қыдыр қонған сияқты.
Жігіттері жүректі,
Арулары шуақты.
Айдыныңда қазың жүр,
Жүрегіңде жазың жүр.
Адайыңбыз танысаң,
Танымассаң өзің біл!
Басталатын тереңнен,
Тарихы бар көнерген.
Ел Басының қашанда,
Мейіріміне бөленген,
Адай деген алыппыз,
Қайтпас, қайсар халықпыз.
Жамандарға қараңғы,
Жақсыларға жарықпыз.





Пікір жазу