24.05.2022
  173


Автор: Ибрагим Иса

Ақ қанат ән

Мынау жарық жалғанда,
Өмір, бейне, ойлы өлең.
Ақ қанат ән – армандар,
Тоғысады тойменен.
Сырларымды ақтарам,
Көңілдегі шын ізгі.
Қуаныштар қаптаған,
Сезім, бейне, сыбызғы.
Қайырмасы:
Өмір сұлу, асқақ ән!
Ән билесін ауыл, астананы!
Бақыт жерден басталады,
Үзілмесін мәңгі достар әні!
Ақ қанат ән – армандар,
Жүректерді жалғаңдар.
Уақыт тұр ғой анықтап,
Көктем өтсе, жаз келер.
Ән қалады қалықтап,
Ал, тіршілік өзгерер.
Шырқа, кәне, дос тап та,
Жадырасын жанымыз.
Ақ қанат ән, асқақта,
Қосылайық бәріміз.
Қайырмасы:





Пікір жазу