24.05.2022
  194


Автор: Ибрагим Иса

Қаладағы қайны

Қонағы боп жүрсем де әр көшенің,
Жоғалған жоқ мендегі елге сенім.
Арманыма жеттім деп тас қалада,
Болдым десем бақытты сенбес едің.
Қайырмасы:
Ағайынға,
ауылда тең келер кім,
Мен келер күн,
Мен келер күн,
Қуанышты күні ғой жеңгелердің.
Неге, неге...
ауылға сирек келем,
Сағынышты сарғайған сүйреп келем.
Тағдырым ба, білмеймін, ауылым ба,
Жүрегімді қалаға үйретпеген.
Қайырмасы:
Естен кетпес елде ғой балалығым,
Күннен күнге алыстап барады үнім.
Бала кезгі достарды сағынамын,
Естігім кеп ауылдың жаңалығын.
Қайырмасы:
Қаладағы мен де бір саналы адам,
Достар да бар басымды бағалаған.
Есейгенде тар болып кетті неге,
Талай қызық сыйлаған қала маған.
Қайырмасы:





Пікір жазу