24.05.2022
  278


Автор: Ибрагим Иса

Күдікшіл келіншек

Күнде кетесің,
Кімге кетесің.
Үндемегесін,
Түнде келесің.
Көзің тайғанап,
Сөзің тайғанап,
Сылтау айтасың,
Шаршап қайтасың.
Қайырмасы:
«Жаным!
Қояйық бәрін,
Өзің ғой әнім,
Өзің ғой сәнім!
Себеп көп дауға,
Шығайық тауға,
Барайық бауға»
демейсің бе!
Үйге немене
сия алмайсың ба!?
Әлде біреуді
қиялдайсың ба?!
Болмай ма саған
ерте қайтуға,
Ұялмайсың ба
ертек айтуға?!
Қайырмасы:
Барған жеріңде
қона алмайсың ба?
Қайтар жолыңды
таба алмайсың ба?
Тайғанақ тілмен
тағы алдайсың ба,
Одан да мүлдем
жоғалмайсың ба!
Қайырмасы:





Пікір жазу