24.05.2022
  149


Автор: Ибрагим Иса

Ана тілегі

Дүние көрікті ғой нұр таңымен,
Адамзат көрікті ғой ұрпағымен.
Қастерлеп қасиетті бесіктерін,
Тербетсін жұрт әнімен.
Құстар да балапанын қорғаштайды,
Азамат қиындықта жол бастайды.
Ұрпақсың бұлаңдаған бұл тіршілік,
Жаңарып, жалғаспайды.
Қайырмасы:
Қуаныш тілеп келем әр үйге мен,
Ағайын көбейсінші, нәресте –
Әли деген!
Күн сайын атса деймін бозарып таң,
Тіршілік тұрса деймін тазалықтан.
Ұрпақтың қадірі мен қасиетін,
Бір ұқса – қазақ ұққан.
Қайырмасы:
Өшпесін ең бір қымбат алғашқы үміт,
Жүреміз сол үмітті жолдас қылып.
Межеге жету керек, кету керек,
Тірлікті жалғастырып.
Қайырмасы:





Пікір жазу