24.05.2022
  150


Автор: Ибрагим Иса

Ата тілегі

Біздің үйде сезімнің
Тазасы да өзіңсің.
Біздің үйде көзімнің
Қарасы да өзіңсің.
Сенсің қымбат тәтті күн,
Түсін, мейлің түсінбе.
Өмір сүрем, шаттығым,
Сенің күлкің үшін де.
Қайырмасы:
Айнымаған түрімсің,
Дүниедегі барымсың.
Күннен туған Күнімсің,
Әннен туған Әнімсің!
Өзіңменен жақсы әрі күн,
Сен келгенде – төрдесің.
Үкіметтің сап-салқын
Жылытасың бөлмесін.
Күннен күнге құбылып,
Қанша жылжып жыл ақты.
Үйге түскен жылылық
Сенің сәулең сияқты.





Пікір жазу