24.05.2022
93
![](/uploads/shorttexts/author_image/2019092108091223.jpg)
Сағыныштар-ай
Көңілімді шайқаған,
Таныс көктем-ай!
Орала алмай қайтадан,
Алыс кеткені-ай!
Қайырмасы:
Серік болып ұшты алға
Әніміз талай,
Еріп кеткен құстарға
Сағыныштар-ай!
Алатаудың әр шыңын
Үміт – әнім-ай,
Сағыныштың дауысымен
Жылатамын-ай.
Қайырмасы:
Жылдың барлық маусымы
Көктем емес-ай.
Осы менің жан сырым,
Өкпелемеші-ай!
Қайырмасы: