24.05.2022
172
Өткен күндер
Өткен күндер – бағытың да,
Өткен күндер – уақытың да,
Сағыныш қой ол мәңгі.
Келер күндер – таң самалы,
Келер күндер – ән салады
Жалғап әппақ арманды.
Жайып жасыл желкенімді,
Балалығым – ертегімді
Мәңгілік жырлап өтем ертеңімді.
Қайырмасы:
Сағыныш жүректе от болып алаулайды,
Мәңгілік ғашық әнім сен бе?
Көңілім күн сайын алысқа алаңдайды,
Ертеңге асығамын мен де.
Атар таңың күлімдейді,
Өткен күнің білінбейді,
Ән салар дала тынбай.
Өткеннің сабақ бәрі,
Уақыттың парақтары
Құстардың қанатындай.
Өзгерді талай ғалам,
Өткенге қарай ма адам,
Көктемгі бұлттардаймыз жел айдаған.
Қайырмасы: