24.05.2022
  157


Автор: Ибрагим Иса

Айдана

Осы әдемі қалпыңда,
Болашақта жарқылда.
Өшпейтұғын мәңгілік,
Атың қалсын артыңда,
Айдана!
Әкең менен Анаңды.
Елжіретіп сал әнді.
Аруы бол еліңнің.
Талантты, табанды,
Айдана!
Абыройы тасыған,
Ағаң сенің Аслан.
Қолдаушың да, қорғаушың,
Дастан сынды жас ұлан,
Айдана!
Ізің қалсын Айда да,
Ізің қалсын қайда да.
Қазақ қызын әлемге
Таныта бер Айдана,
Айдана!





Пікір жазу