24.05.2022
111
Сағыныш сен
Күндер өтті қаншама, сезілмеді,
Сағынышым бір сәт те көз ілмеді,
Махаббатым неғылған төзімді еді,
Арман, Арман,
жолықсай алдан.
Қиялдағы күндерім қашықтады,
Көңілімнің қайдасың ғашық таңы?!
Жүрегімді отырмын ашып тағы,
Әнім, Әнім,
көрінсей жаным!
Қайырмасы:
Бақытым, баяным,
Сеніп едім саған,
Өзің едің маған,
Күнім боп қараған,
Үнім боп тараған,
Аяулым сен мәңгі,
Арайлым сен мәңгі,
Ғашық, ашық
Аспанымсың таңғы.
Жылдар өтті қаншама, жүріп келем,
Жоғалатын емес қой күдік деген.
Жолығар деп әлі де үміттенем,
Айым, Айым,
басады уайым.
Жұмбақ күннің көрінбей тасасында,
Жолығудан, әлде еркем, қашасың ба?
Сырларыңды әлде ертең ашасың ба?
Жаным, Жаным,
жүрегім жалын!
Қайырмасы: