24.05.2022
  151


Автор: Ибрагим Иса

Ботақаным

Айналайын, көзіңнен жәудіреген,
Сен шығатын түсімде тауды көрем.
Көрсетер ем өзіңді ботақаным,
Бақыт не деп сұраса енді менен.
Қайырмасы:
Қуанышым, Дәуренім, құлыншағым,
Жарқырасын қашанда сенің шамың!
Бақытты бол, Дәуренім, ботақаным,
Атса деймін арайлап сенің таңың!
Жүрегіңнен айналдым бүлкілдеген,
Риза ғып жүрсің ғой күлкіңменен.
Сені сүйіп тұрғанда, бұл жалғанда
Бақытты жан жоқ шығар, шіркін, менен!
Қайырмасы:
Айналайын, тамсантқан тілің қандай,
Ән сияқты әр сөзің шырын балдай.
Атың болсын, өскенде отың болсын,
Жылуыңа туған ел жылынғандай.
Қайырмасы:





Пікір жазу