24.05.2022
  134


Автор: Ибрагим Иса

Жүрсем де қай жақта

Жүрсем де қай жақта, әр оймен әуре боп,
Кетпейсің, жырақ, құсым.
Түсесің түнектен жап-жарық сәуле боп,
Шолпаным сияқтысың.
Беймаза болса да күндерім сергелдең,
Жүректе гүл атасың,
Қабырғам қайысар қысталаң жерлерде,
Сен мені жұбатасың.
Арада тұр енді кикілжің-кедергі,
Ойламан басқа деп бір,
Жолымыз қосылмай, жан-жаққа жөнелді.
Арада тас бөгет тұр.
Сан тарау жолдары сарғайған даланың,
Кетеді қосылмай.
Сенде де, менде де, түсінші қарағым,
Тағдыр бар осындай





Пікір жазу