Адам ғұмыры
Метрикемде кім екенім менің де,
Белгілі ғой, кірмей қойдым сенімге.
Он жетіде дерсің, мүмкін, сен мені,
Осы болды қателескен жерің де.
Қажеті не мәнісі жоқ ойынның,
Жасын айтып берші маған қойыңның.
Ғұмыр жайлы түсінігің таяз – ау,
Байқап тұрмын шатасқанын ойыңның.
Он жеті жыл жоғарыға талпындым,
Он жеті жыл шаршадым да, алқындым.
Адам түгіл шыршалар да жасайды,
Өмір сүру парызы ғой әркімнің.
Ал, мен болсам адам болам қалайда,
Шабыт шіркін көңіл – күйге қарай ма.
Жазуға әбден қалыптасты қаламым,
Мықты жырдан қамал салам талайға.
Егер менен шындығында, жақында,
Шықпай қойса жазушы, не ақын да,
Балта алам да қаламымның орнына,
Ұста болам, келем сөйтіп ақылға.
Егер менен шықпай қойса жақсы ақын,
Шықпай қойса ақын деген жақсы атым,
Айналысам қолдан келген шаруамен,
Орындалмай қалса биік мақсатым.
Шындығында менде еш ой жоқ бөтен,
Қажет болса қорықшы да боп кетем.
Қажет болса офицер де бола алам,
Онда не тұр,
Жақсы офицер көп пе екен?
Аз емес қой дауысы зор, мықтылар,
Мықтылығын көрінгенге жүк қылар.
Аз ғой, аз ғой таланттар бірақ та,
Барша халық таңдай қағып,тік тұрар.
Мансапқорлар болса егер тірегің,
Белгісіз – ау жыларың, я күлерің.
Ерекше жан боларыма сенемін,
Қайырымды болса егер жүрегім.
Елге бақыт сыйлай алсам, тік қарап,
Жүрер едім, кетер еді құт тарап.
«Бақыт деген не» дейсіз бе, біз оны
Не ғыламыз ұйқасқа әкеп тықпалап...