24.05.2022
100
![](/uploads/shorttexts/author_image/2019092108091223.jpg)
Тауратты оқығанда
Тұңғыш рет оқығанда тауратты
Періште емес, мүйізі жоқ, қайратты,
Өзіне-өзі ырза болып, бабында,
Жын отырды жырқ-жырқ күліп жанымда.
Романын оқығанда Гюгоның,
Жын орнында ақ періштем тұр менің.
Кетті демде әсемденіп айнала,
Ал, періштем күрсінеді жай ғана.
Сосын «Жаңа Органонды»2
қолға алып,
Құпиясын ашып едім толғанып:
Көңіл-күйге тусті-дағы бір өзге,
Әлгі екеуі кетіп қалды лезде.