24.05.2022
96
Мына жерге жақында
Мына жерге жақында
Қояр табытымды әкеп.
Белгісіздеу ақынға
Тұрмас ешкім күнде кеп.
Тыныш жүрді өлгенше,
Өлді айтпай керегін...
Жақыны жоқ болған соң
Кім жылайды деп едің.
Бәрі қалар өлген соң,
Өшеді отың өшпеген,
Кетеді жұрт көмген соң
Болмағандай ештеңе...