24.05.2022
  109


Автор: Ибрагим Иса

Коми тілі

Мен білетін коми тілі
Құпия жоқ, тамаша.
Және де бір білетінім:
Көп сөзділік жоқ аса.
Бұл тіл маған өте қымбат,
Бір ғажап тіл бұл аса.
Күнәмді кеш, мені тыңдап,
Осы тілде сұрасам.
Жүргеннен соң естіп күнде,
Қуаныш көп, күлкі көп.
Осы тілде
Ата-анам да,
Маған бақыт жүр тілеп.
Сіңген маған арман жыры,
Сонау бесік жырымен.
О дүниелік болған күні,
Ұмытармын мұны мен.
Осы тілде қалды жүрек,
Құдіретіне
Тамсанғам.
Осы тілде тұңғыш рет
Әдемі бір ән салғам.
Жоғалғанда елдің қарты,
Қасиеті, тірегі,
Сонда ғана коми халқы,
Қасіретін біледі





Пікір жазу