24.05.2022
  114


Автор: Ибрагим Иса

Сұсты аспан қаһарын төгеді...

Сұсты аспан қаһарын төгеді.
Өртеніп соғыстың шоғынан.
Жауынгер жостарым келеді,
Взвод боп
Взводтың соңынан.
Бәрі де жинақы, салмақты,
Бәрі де сөзге тым сараң-ақ.
Ал жолдың шетінде
Шулап тұр
Жапырақ, шөпті жел сабалап.
Үлпілдеп тұр гүлдер бас иіп,
Көзің бір тоймайды қараудан.
Біз үшін,
Біз үшін соңғы рет ашылып
Тұр ма, әлде кім білсін,
Осынау сұлулық сан алуан.
Қараңыз (тастаған кім бұлай,
қайдан кеп түскені белгісіз)
Дәл жолда – бастпақта,
Сұмдық-ай!
Жатыр бір бес тиын,
Тіпті адам сенгісіз!
Құйылған сап-сары металдан,
Сазанның қабыршығы іспетті.
Жалтылдап, жанады,
Тек қана
Жасыл тот жиегін «тістепті».
Тапталған бір сомдық тағы бір,
Тағы бір... бір сомдық тізбек көп...
Жауынгер достарым жаны жыр
Нық басып келеді
Взводтың соңынан взвод боп.
Қапырық, самал да соқпайды,
Зеңбірек гүрсілдер кешке де...
Бұл жерде ештеңе сатпайды.
Сатып та алмайды ештеңе...





Пікір жазу