24.05.2022
  96


Автор: Ибрагим Иса

Күн шыжып тұр

Күн шыжып тұр.
Ала алмаймын еркін дем.
Аптап оты күйдірген бақ, қурайды.
Шіркеу жақта мүлгіген бір кемпірлер,
Әлденеге келісе алмай шулайды.
Мүгедекке аянышпен қарағам,
Өзімше ойлап,
обал, – дедім,– пақырға.
Дәрменім жоқ,
жәрдем етер мен оған,
Бере алмадым бес тиындық бақыр да.
Қалайша бұл, жүректі мұң тілгендей,
Толқып,
жылап,
болам және сүйінген.
Жүріп келем
түс көріп бір жүргендей,
Қорқыныштан арылмаған күйімде…





Пікір жазу