24.05.2022
123
Ұмытқанмын
Ұмытқанмын
Атты қалай ерттеуді,
Ерттесем ғой
Асау деген дөненді.
Сүйеді олар
Біздейлерді тепкенді,
Сол тепкіге
Дарытпасам денемді.
Талай – талай
Тұяқ тиген төзімім
Жұқарды әбден,
Егескенде атпенен, –
Қара тас боп
Аяушылық сезімі,
Тістен ұрып,
Тепті талай өкпеден.
Эх, шіркін, бір,
Жегіп алып биені,
Қанша болсын, шөп тасысам талай күн.
Содан кейін
Кертіп жеуді сүйемін,
Бүйірінен
қуырылған
торайдың…