24.05.2022
178
Еске алу
Әлі есімде, терезеден ай қарап,
Тұрған кез-тін бұтақтарда шық тұнып.
Әлі есімде, екеуміз бір шарап ап,
Сәкіде ішіп, танытып ек мықтылық.
Сосын «үйден кетем», – дедің маған сен,
Бітті, дедің жетер осы тойғаным.
Өткеніңе өкінгендей,
Содан соң,
Баянменен «Гүл вальсын» ойнадың.
Жаңбыр, батпақ кеткен жұтып ұйқымды,
Жұлдызсыз түн, қара түнек айнала.
Арагідік күркесінде ит үрді,
Қарағайлар шуылдады жай ғана…