24.05.2022
175
Ажырасу
Кездестік біз
Етегінде қырқаның,
Қатты кеттім,
Кеттім ұқсап көкжалға.
– Кімге қажет, –дедім, –
Сенің сылтауың?
Айтшы, кәне,
Неге бардың вокзалға?
Менің ешбір кінәм жоқ, –
деп қорғанды,
– Дұрыс делік,
Ал кім сонда кінәлі?
Деді:
– Күтіп алған едім ағамды.
– Ха-ха, – дедім, –
Ағаң қайда тұрады?
Тек бірдеңе
Жетпей тұрды миымда
Қолды бір-ақ сілтедім де,
Күлдім кеп.
Күлкім алыс
Кетті ілесіп құйынға,
Күлкім алыс
Кетіп жатты біртіндеп.
– Неге сонша күлдің? –
Деді ол маған,
– Күлкім келді,
– Күлем, – дедім мен енді.
– Әлі ешкім жоқ
Мені сендей қорлаған,
Кетем,– деді, –
Менде шыдам жоқ енді.
Ештеңеден қорыққаным жоқ,
Ол рас,
Кінәм да жоқ,
Бірақ аздап мұң қапты,
Тек сол түні
Болдым аздап жарым ес…
Көше жым-жырт.
Жайлап барып күн батты.