24.05.2022
  129


Автор: Ибрагим Иса

Қарымта

Мен ұмыттым «сүю» деген ертекті,
Түнгі қала.
Жұлдызды аспан.
Кешкі алаң.
Есімде жоқ қаншама рет ант еттім,
Енді соны көңілсіздеу еске алам.
Бірде, түнде…
Қалың тұман ішінде,
Ұйқысырап қабырғаға тақалдым.
Зәрем ұшып,
Айқай салып түсімде,
Оянармын,
Жоғалармын бет алды.
Түнде келіп есігін де ұрармын,
Алға жұмсап үмітімді үзбеген.
Қарсы алдында хайуанға ұқсап тұрармын,
Махаббат пен бір жылылық іздеген.
Өңі қашып, мүмкін, сонда ол: – Кет!– дейді, –
Біздің достық қалған мүлдем жырақта!
Маған енді ешбір сөзің өтпейді,
Кет деген соң, кет! –дейді ол, –Жылатпа!





Пікір жазу