24.05.2022
  132


Автор: Ибрагим Иса

Көкшіл орамал

Еске аламын көңілімді күй бөлеп,
Шіркін, қандай тынышсыз ем, жас едім!
Мейлі, арманым болсын қазір бір бөлек,
Құлағымнан кетпейді сол кешегі үн.
Шіркін, сол күн…
Кетер жүрек елжіреп!
Шіркін, сол түн…
Жазылмайтын жара бар!
Өмір бойы шығарып сап,
Желбіреп,
Тұрғандай-ау сол бір көкшіл орамал…
Қазір мүлдем суып біткен ол сезім,
Жылуы жоқ ай сәулесі сияқты.
Анда-санда күміс шекке қол созам,
Аз да болса табам содан миятты.
Ең болмаса білегінен бір ұстап,
Жалғасса ғой сол үзілген әңгімем.
Тал бойына қарап алып дұрыстап,
Кетсем деймін…
Мүмкін, мүлдем мәңгіге.





Пікір жазу