24.05.2022
  139


Автор: Ибрагим Иса

Түнгі өлең

Шаршамай жүрген кезімде,
Ұйқы да қанық болатын.
Қарайды әйнек көзінен, –
Қап-қара түн,
қара түн!
Қалды ғой сол бір күн алыс,
Кеудеме қайғы толатын.
Тек қана сенсің жұбаныш,–
Қап-қара түн,
қара түн!
Мұңайып досым қаларда,
Лебізім демеу болатын.
Қол ұшын берер маған да –
Қап-қара түн,
қара түн!
Ызғырық соғып, боран да
Жолымды қармен жабатын.
Жылу бер қымтап маған да,
Қап-қара түн,
қара түн!





Пікір жазу