24.05.2022
  281


Автор: Ибрагим Иса

Артық дем

Артық демі таяп қалды шоқынды,
Ажал құрғыр күштілігін байқатты,
Шалы келіп басып сүйеп отырды,
Шал келген соң, кемпір жаны жай тапты.
Самалындай шуағы нұр көктемнің,
Қайран өмір болмағандай қас-қағым,
Іздегенмен өткен күнде жоқ белгі,
Күйбең тірлік, күйттегенің – бас қамың!
Кері оралар жол да енді кесілген,
Өзі өлгенмен қалар даңқы адамның.
Өмір, өмір, жас сәбидей төсіңнен,
Сора берсем, сонда рахат табармын.
– Бәрі жақсы, жар болсын бір Құдайым –
Дейді шалы іштей ғана міңгірлеп.
Байғұсым-ай, тірі болшы, лайым,
Жүре тұрсақ, бірге өлерміз, кім білген.
– Жоқ, – дер кемпір, осы ажалым болар шын.
Менен қалған шаңырағыңды құлатпа.
Жаназама шарап сатып аларсың,
Байқа, артық ішіп қойма бірақ та…
Кемпір үні әлсіз шықты ақырғы,
Тауысқан соң, тартар дәмін,
тұзын да.
Уілдейді төбесінде шатырдың
Жел тербеген жылауық сым ызылдап…





Пікір жазу