24.05.2022
  136


Автор: Ибрагим Иса

Өмірге өкпе айтып пайда көрмедік...

Өмірге өкпе
айтып пайда көрмедік,
Қиындығы,
қызығы да жетер мол.
Жолға шықсаң,
отырғайсың ерге нық,
Шықтың екен,
тізгініңе бекем бол!
Ат мінбедім,
ер-тұрман да алмадым,
Өзгелерге қарап тұрдым
сонда көп.
Жолаушы боп,
қамшы сипау – арманым,
Бірақ енді
жүретұғын жол да жоқ.





Пікір жазу