24.05.2022
  123


Автор: Ибрагим Иса

Автотрассада

Қатерлі неткен жол еді!
Көңілде бірақ жоқ күдік.
Шоферлар жүйткіп келеді,
Құйын мен шаңды қақ тіліп.
Шығып ек жолға кешқұрым,
Қарсы алдым Тайга түнін де.
-Қай жақта,ей жолдың бастығы?
-Жатыр ол жылы үйінде….
Шоферлер сыбап кетті өтіп,
Бастықтар қайда қашады.
Өзімді жолдан шеттетіп
Келемін,
ал шаң басады.
Қажалды екі аяқ та,
Бітпейтін алда жол жатыр.
– Барасың, ей дос, қай жаққа?
– Предтечь жаққа…
– Онда отыр.
Ендігі жолдың сыры анық,
Белгісіз шофер –жолдасым.
Отырмын қатты қуанып,
Бағытымыз бір болғасын.
Келеміз жерден бөлінбей,
Жебедей зулап жоғары.
Ұқсастық бар-ау өмірге,
Осының өзінде дағы.





Пікір жазу