24.05.2022
120
Ей, қара жер...
Ей, қара жер,
Тынығайық аздап бір,
Шаршатты ғой бітпес тірлік,
Сүргін күн!
Шөп шуылдап, кербез толқын мәз боп тұр!
Оты лаулап тұр күннің.
Сонау арғы жағасында теңіздің
Қызық еді-ау,
Кеттім,
Бәрі өзімнен.
Кетті күндер,
Кетті күндер ең ізгі,
Жаңа күнді
Жүрмін күтіп төзіммен.
Сонда да мен
Құлыныңдай қадірлі,
Сені аңсадым,
Болмас мұным күпірлік.
Бейне аппақ
Ойымдай боп ағылды,
Көктегі бұлт,
Осыған да шүкірлік.
Әйтеуір, бір
Менің баяу шабытым,
Ақ желкенін көтергенде
Сәнімен.
Бұл өлкені
Кетпекке елге танытып,
Ант етемін,
Ант біткеннің бәрімен!
Сол бір мөлдір махаббатым
Тұр үнсіз.
Шалғы шапқан қайда күндер,
Қайда арман…
Айналады
Тіршілігім тынымсыз,
Жер сияқты,
Кіндігінде айналған