24.05.2022
167
Ел ағасы
Сапарбаев Олжабай ағаға
Азаматсың ғой ел сенер,
Кеудеңіз толы шуақ, нұр.
Сіз отырған сол кеңселер,
Есігі жүдеп жылап тұр.
Би болғысы кеп ағайын,
Таласа ма әлде оған да.
Дархан ғой көңіл –сарайың,
Биік қой, аға, бағаң да.
Тойғыза алмайды қарынды,
Толтыра алмайды бай мұра.
Сіз отыратын орынды,
Қуаныштар мен қайғыда.
Сізге де көбі өкпелі,
Бізге де көбі өкпелі.
Уақытта мынау өтпелі,
Әділетсіздік көп тегі.
Мүмкін сәл кештеу ояндық,
Қулықтан қалдық шеткері.
Бәріне жеткен аярлық,
Сіз бенен бізге жетпеді.